Бейнеу ауданынан Шетпе бағытына бет алған көлік жол үстінде тұрған екі түйені қағып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы жағдай 23 қазан күні сағат 21:10 шамасында болған. “Lada Xray” автокөлігінің жүргізушісі Бейнеу ауылынан Шетпе кенті бағытына қарай келе жатып, республикалық маңызы бар тас жолдың 93 шақырымында екі түйеге соқтығысты.
«Аталған дерек Бейнеу ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті облыс тұрғындары мен мал шаруашылығы иелерінен қараусыз қалған жануарлардың салдары осындай адам шығынына әкелген қайғылы жағдайларға душар ететінін ескертіп отыр.