Амал мерекесіне орай Ақтау қаласының әкімдігі облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін «Отпан тау» мәдени-тарихи кешеніне баратын автобустарды ұйымдастырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақысыз негіздегі автобустар 13 наурыз күні сағат 13:00-де шығып, кешкі 19:00-де Ақтауға қайта оралады. Ал 14 наурыз күні таңғы 08:00-де шығып, 14:00-де кері қайтады. Ақтау қаласынан Отпан тауға бару үшін “Нұрплаза” қонақүйінің алдында жиналу жоспарланған.