Ақтаудағы «Ақбота» саябағында 100 түп көшет отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған тал отырғызу шарасына қала әкімінің орынбасары, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, «Green City» мекемесі мен студенттер қатысқан. Олар 50 түп айлант, 50 түп қылқан жапырақты көшет отырғызды. Мұндағы басты мақсат - қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.
«Жыл басынан бері қалада көшеттерді отырғызу жұмыстары жалғасып келеді. Отырғызылған көшеттер қаламыздың көркін арттырып қана қоймай, экологиялық жағдайын да жақсарта түспек. Игі бастамаға қала жастары да белсенді атсалысуы құптарлық іс», - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов.