Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов тазалық мәселесі бойынша қала аумағындағы білім, спорт және мәдениет нысандарының басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен мектеп, балабақша, колледж, университет, мәдени ошақтар мен спорт мектептерінің басшылары қатысты.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов әлеуметтік нысандардың аумағын таза ұстауды тапсырды.
- Қаланың тазалығы маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан әлеуметтік нысандардың аумағындағы тазалықты қамтамасыз ету керек. Қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарын қолға алу қажет. Тез арада тазалық мәселесін реттеңіздер. Қала тазалығына барлығымыз жауаптымыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде болады. Сондықтан балаларды қоршаған ортаны таза ұстауға баулу қажет. Сондай-ақ, оқу жылына дейін барлық білім беру ұйымдары сақадай сай болуы керек, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.