Кеше ақтаулық тұрғынның қалалық әкімдік жұмысшыларынан бұрын шұңқырлы жолды жамап жүрген видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Оқиға 11 шағынауданның 3 пен 60-үй арасында болған. Ал бүгін жауапты мамандар аталған мекенжайға барып, жолды тегістеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық әкімдігі 1 наурыздан бастап автомобиль жолдарындағы 755,50 м2 шұңқырлы жолға жөндеу жүргізіп жатқанын айтады. Жалпы жұмысқа 6 техника және 15 қызметкер жұмылдырылған.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханның айтуынша, жөндеу жұмыстары қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жасақталған ақау актісіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме №18 және №25 автомобиль жолында шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Асфальт төсеу жұмыстары осы уақытқа дейін мына мекенжайда жүргізілді:
-№22 автомобиль жолы; 17 ш/а бастап 32в ш/а дейін;
-№24 автомобиль жолы; Триумфальная арка маңынан бастап(айналма жол) 35 ш/а дейін;
-№31 автомобиль жолы, «Арман» қонақ үйінің маңы;
-№9 г автомобиль жолы, Жасыл базар маңы
-№14 автомобиль жолы, Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің маңы;
-№22 автомобиль жолы, «Олжа» сауда орталығының маңы;
-17 шағын аудан Халық арена
-№7 автомобиль жолы, «Самал» ш/а ылди(спуск);
-№15 автомобиль жолы, «Оазис» ТҮК маңы.