Ақшұқыр ауылы аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Oil Construction Company ЖШС қызметкерлері сенбілік өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мекеме жұмысшылары Ақтау қаласына кіреберіс автокөлік жолы мен Ақшұқыр ауылын кіреберісі аралығын қоқыстан тазартты. Жалпы есеппен 8 га жер аумағы қамтылды. Сенбілікке қатысқан 50 қызметкер жалпы аумағы 8 га жерді қамтып, 5 м³ қоқыс шығарды.
- Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, табиғатымызды қоқыстан тазарту - әрбіріміздің міндетіміз. Бұл бастаманы барша қазақстандық қолдап, нәтижелі жұмыстар жасалып жатыр, - дейді мекеме қыметкерлері.