Аэропорт-Форт-Шевченко бағыты автожолының сол жақ жолағы, яғни 27-28 шақырым аралығының 6-наурыздан бастап 29-сәуірге дейін көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау-Форт-Шевченко автомобиль жолын қайта жаңарту, 5-43 км, Түзету-3» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты Аэропорт-Форт-Шевченко автожолының сол жақ жолағы, яғни 27-28 шақырым аралығының 06.03.2024ж бастап 29.04.2024ж дейін көлік қозғалысы үшін уақытша жабылатынын қаперіңізге саламыз. Жол жүру үшін уақытша жолдың оң жақ жолағымен жүру қажет», - делінген Қоғамдық коммуникация орталығының хабарламасында.