Парламент Мәжілісінің депутаттағына Маңғыстау облысынан бір мандаттық округ бойыншатүсіп жатқан Абылай Бекқажыөңірдегі ең жас үміткер саналады. Отызға толмаған жас үміткер өзекті мәселелерді сайлауалды бағдарламасында айтып, өңір тұрғындарымен кездесуде бірнеше рет айтты. Осы орайда Мәжіліс депутаттығына кандидат азамат mangystaumedia.kz тілшісіне сұхбат берді.
Маңғыстау облысынан сайлауға түсіп жатқан ең жас кандидатсыз. Өзіңіз үшін бұл сын өте ауыр деп ойламайсыз ба?
Қазақта құласаң нардан құла деген деген тәмсіл бар. Отызда дейін талай тауды қопарған адамдар бар. Сондықтан мәслихат емес, орай келгенде Мәжіліс сайлауына түссем деп шешім қабылдадым. Бұған дейін саяси додаға түскен емеспін. Дегенмен жастық жалынмен бірге көкейде өзіме деген, ертеңге деген зор сенім бар. Ойлана келе, сайлауға түсіп, «Жаңа Қазақстанды» құруға өз үлесімді қоссам деген мақсатпен алға қадам бастым.
Егер халық қолдауына ие болсаңыз қандай бастамаларды қолға аламын деп ойлайсыз?
Халқымызда “Болам деген баланың белін бу" деген сөз бар. Ел арасынан шыққан ұлдарыңызды қолдасаңыздар алда келелі мәселені шешімін табады деп сеніммен айта аламын. Сайлауалды бағдарламамда көптеген мәселелер қамтылған. Солардың бәрін кезек күттірмей шешімін табуына ө үлесімімді қосамын деген ойдамын.
Сіз педагог болғанан кейін осы саланың мәселесін жетік білесіз.
Елмен кездесуде осыған қатысты қандай жайттар айтылды?
Ең бірінші мектептерде білім сапасын көтеру үшін жағдай жасалуы керек екенін көпшілік біледі. Болашақ ұрпақтың білім негізі қаланатын мектептің жайын әрдайым назардан тыс қалмауы тиіс деп білемін. Қоғамда белсенді жастар қоғамын құрылуы керек. Өңірдегі экологиялық мәселелерді көтеру де күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ, «Ерекше білімді ететін» балаларға жағдай жасау керек. Бұдан бөлек, денсаулық саласының мәселелеріне үн қосу менің басты жұмыстың бірі.
Сайлаушылардың сізге деген сенімі қандай деп ойласыз?
Кездесулерде өте жоғары екенін байқадым. Ақсақалдар батасын беріп, бағдарламамды қарап, сенім артып отыр. «Жас келсе іске» деген сөз бар ғой. Жастарға ел сенім артады. Сондықтан сайлаушыларым сенім артып отыр деп ойлаймын. Себебі менің айтып жүрген мәселелерімнің барлығы елмен кездесуде көз жеткізген, солар айтқан жағдаймен тікелей байланысты нәрселер. Сондықтан саяси науқан кезінде ел артқан сеніме орай дауыс береді деген ойдамын.
А. Бекқажының сайлау қорының қаражатынан төленді