Бұл туралы Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Құсайынова хабарлады.
Ақтауда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараларды Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізу жоспарланған. Коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты қауіпсіздік мақсатында концерт тоқтатылды. Амал мен Наурызға арналған мерекелік шаралар өтеді, өйткені олар ашық жерлерде ұйымдастырылады, деді Б. Құсайынова.
Дәстүр бойынша, 21-22 наурыз аралығында теңіз жағалауында киіз үйлер тігіледі. Әр киіз жанына қол жууға арналған диспенсерлерді орнату жоспарланған. Сондай-ақ, киіз үйлер желдетіліп тұруы үшін жоғарыдан түндігі ашылып қойылады.