Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан Түркістан облысына амфитеатр ғимараты сыйға берілді. Амфитеатр құрылысы қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құрылыс жұмыстары былтыр сәуірде басталған болатын. Заманауи үлгіде салынып жатқан амфитеатр 1000 орынға арналған. Кешеннің жалпы көлемі – 2 400 шаршы метр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Тengrinews.kz сайтынан алынды