Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов Ақшұқыр ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі «Жауқазын», «Бәйтерек» балабақшасы мен М.Әбдіхалықов атындағы орта мектепке барды. Сондай-ақ Ақшұқыр мектеп лицейіне барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп төбесінің тозғанын және жаңбыр суының ағуынан зардап шегіп отырғанын байқаған А. Қосуақов мәселені тез арада шешуді тиісті мекемелерге тапсырды.
Сонымен қатар аудан басшысы Бегей жерінде орналасқан отандық өнім өндіруші «Тетис» ЖШС қарасты су тұшыту зауытына және «Suleimen promotions» жабық спорт кешеніне барды.
Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаржысына салынып жатқан жабық спорт кешені биыл пайдалануға беріледі.