Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабаралады.
Облыс әкімі С. Трұмов және қала әкімі Ғ. Ниязов бастаған жұмыс тобы қаланың бірқатар аймақтарын аралады. Аймақ басшысына "Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандардың газ тарату желілерінің құрылысы" жобасы ұсынылды (30,31,31 а,31б,32,32 а,32б, 33, 34, 34 а,35,16,17,18,18 а, 19, 19 а,20, 20).
Бүгінгі күні 20а, 20, 19а шағын аудандарында газ құбырын жүргізу жұмыстары аяқталды. 17, 19, 34а, 33 шағынаудандарда жер қазу және монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мердігер мекеменің өкілі жұмыс барысында демонтаждалған тротуар мен жасыл желектер толығымен компания есебінен қалпына келтірілетіндігін айтты.
Сондай- ақ, бүгінде 16 ықшамаудандағы брусчатканы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жұмыс тобы жеке компаниялармен салынып жатқан көп қабатты үйлердің құрылысымен танысты.