• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 1 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

  • USD: 417.02 ₸
  • EUR: 505.51 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Телефон қолданғанда да сақтық керек

[ 2020 ] 13 ақпан, 10:39  |  Маңғыстау жаңалықтары

Қазіргі баланың бала болып, ойыншыққа зауқы аса соға қоймайтынын кез-келген ата-ана біледі. Мектеп жасындағы бала түгілі, 5-6 айлық сәбиің де шешесі беріп отырған шылдырлаққа емес, оның қолындағы смартфонға қарай ұмтылады. Оған таң қалмайтын деңгейге жеттік бүгінде.

Ал мектепте оқитын бала басқаны білмесе де, телефонның «ішек-қарнын» ақтарғанда алдына жан салмайды. Өкінішке қарай, кейде баланың ісі шала болып, әке-шешесін қып-қызыл шығынға батырып жататыны да бар. Өйткені, бала отпен ойнап отырғанын білмейді.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының қызметкерлері «112» телефоны – әрбір адам білуі тиіс бірінші және ең маңызды нөмір екенін ескертеді. Телефонда бірлік болмаса да, «112» нөміріне қоңырау шала аласыз. Адам өмірі бәрінен қымбат және әрқайсымыз әр түрлі жағдайға тап болғанымызда тез көмек жетуі үшін ең ыңғайлы нөмір бұл. Алайда, балалар білместікпен жалған қоңыраулар шалып, қиялындағы оқиғалар туралы хабарлама жеткізіп жатады. Кейде ересектердің өздері сим-картаның жұмысын тексеру мақсатында шұғыл қызметтердің телефон нөмірлеріне қоңырау шалады немесе «жақын маңдағы көлік жуу мекен-жайын айтыңыз», «сағат қанша?» деген секілді орынсыз сұрақтар қоятын көрінеді. Мамандардың айтуынша, ондай қажетсіз қоңыраулар операторды алаңдатып, телефон желісін босқа ұстайды. Ал осы кезде көмекке қатты мұқтаж болған кісі қоңырау шала алмай, қиналып жатуы мүмкін. Сондықтан бір-бірімізге зиянымызды тигізбегеніміз дұрыс.

Сондай-ақ мамандар егер телефон құлыпталмаса, көптеген телефонда шұғыл қоңырау автоматты түрде терілетінін айтады. Ата-аналар sim-картаны телефоннан шығарып, балаларға «ойыншық» ретінде беріп, бала құтқару қызметінің нөмірін кездейсоқ теруі мүмкін. Ал операторлар барлық қоңырауларға, sim-картасыз шалып тұрғанын көрсе де жауап береді. Себебі, орманда адасқан немесе жол-көлік оқиғасына тап болған адам sim-картасыз да қоңырау соға береді.

Балаларды шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін пайдалануға үйрете отырып, шұғыл жағдайларда ғана қоңырау шалу қажет екенін түсіндіру қажет. Жалған қоңыраулар операторды алаңдатып, телефон желілерін босатпайтынын, ал осы уақытта біреу өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, дәрігерлердің көмегіне шын мәнінде мұқтаж болуы мүмкін екенін және мұндай сәттерде бірнеше секундтың да маңызы зор екенін санасына сіңіру керек. Сондықтан ата-аналар осындай ойындардың салдарын түсіндіруі және мүмкіндігінше оларға телефон бермегені абзал. Ал қате қоңырау шалына қалса, түтікті ілмей, операторға нөмір кездейсоқ алынғанын хабарлау керек. Әйтпесе, оператор оған көмек талап етілмейтінін білу үшін өтініш берушімен байланысуға тырысып, уақыт жоғалтады.

Оқиға туралы жалған қоңырау шалғанда, хабарламаға өрт сөндірушілер, полиция, жедел медициналық көмек сияқты бірнеше жедел қызметтер тартылады. Әрбір осындай шығыс «тиынға» өтеді, яғни, кіреберіс жолдарды жауып, адамдарды көшіреді, жарғыш техниктер, иттері бар кинологтар, жедел жәрдем, полицей патрульдері көліктерін жұмылдырады, рейстерді кідіртеді немесе тоқтатады. Сондықтан жедел жәрдем, полиция немесе өрт сөндірушілерді бұзақылық ниетпен шақыру заңмен жазаланады. Бұл мамандандырылған қызметтерді жалған шақыру деп аталады.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабында көзделген жалған іс-әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынатындығын ескертеді:

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полиция, жедел жәрдем, апаттық қызметтерді көрінеу жалған шақыру, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
  • Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не апаттарды, өрттерді, дүлей зілзалалардың салдарын жою кезеңінде жасалған әрекеттер, жеке тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
  • Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Қазіргі заманғы техникалық құралдар телефон бұзақыларын оңай есептеуге және оларды жазаға тартуға көмектеседі. Жалған қоңырау бағасы тек ақшалай баламада өлшенбейді. Бірінші кезекте, шұғыл қызмет қызметкерлерін әр шақырудың артында адам өмірін немесе мүлікті құтқару мүмкіндігі тұрғанын ұмытпайық. Бір тентектің кесірінен ата-ана шығынға ұшырап, өзге біреудің өміріне немесе денсаулығы мен немесе мүлкіне зиян келуі әбден мүмкін екендігі жадтан шықпасын.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

1798
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда ірі курорттық кешен ашылады

Келесі жаңалық

Ауған соғысының боздақтарын еске алды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    887

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1069

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3214

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    2851

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    1390

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    1274

    Рубрикалар

      Бейнеу Қазақстан жаңалықтары Ашық қоғам Маңғыстау жаңалықтары Сұхбат Мұнайлы Астана - 20 Саясат Әлем жаңалықтары Спорт Редакция газеттері Экономика

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    31 қаңтар, 12:14
    493

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    608

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1216

    Маңғыстауда мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

    29 қаңтар, 15:25
    444

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1184

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    29 қаңтар, 14:02
    1401

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»