Бұл туралы Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникация орталығында» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша көш бастап тұр. МО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың айтуынша, аталған жобалар құны 57 млрд теңгеге жеткен.
Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1705 жұмыссыз адам оқытылған. Ал «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы 700 адам білім алды. Кәсіпкерлікке баулитын жобалар арқылы білімін жетілдірген 626 адам бизнесін бастаған. Іске асқан жобалар құны - 826 млн теңге.
Бүгінде аймақта 54 мыңға жуық бизнес субъектісі бар.