Кеше Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязовтың төрағалығымен қала аумағында орналасқан құрылыс нысандарының өндірістік және техникалық қауіпсіздік шараларының сақталуы бойынша жиналыс өткізілді. Оған қала прокуроры, облыстың еңбек инспекциясы және құзырлы органдар және құрылысшы мекеме өкілдері қатысты. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі бойынша бірқатар мәселелер қаралып, құрылыс нысандарында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ұсыныстар тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.
Осыған орай, құрылысшы мекемелерден, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында техникалық және өндірістік қауіпсіздік шараларын қатаң сақталуы керектігі ескертілді.
Сонымен қатар, құрылыс нысандарына қатысты қандайда бір еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы туралы деректер белгілі болған жағдайда, әкімдікке хабарласуларыңызды сұраймыз.