Бұл туралы бүгін Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков Президент Жарлығына және аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың тікелей тапсырмасына сәйкес 2019 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Есеп беру кездесуінде аудан әкімі баяндама жасағаннан соң әкімнің жыл ішінде жасаған жұмысы тұрғындар мен ауыл ақсақалдары тарапынан оң баға алды. Халық әртүрлі салаға қатысты шешілмеген мәселелерін ортаға салды. Облыс әкімі мен Қыдырберді Беков халыққа өз жауаптарын беріп, алдағы уақытта халықтың сұранысына қарай біршама жұмыстардың атқарылатынын жеткізді.
Облыс әкімінің жыл ішінде Қарақия ауданы әкімдігіне жүктеген 146 хаттамалық тапсырмасының 134-і орындалған. Қалған 12 тапсырма өтпелі кезеңмен 2020 жылы іске асырылмақ. Облыс әкімінің айтуынша, бұл ауданда ірі өндірістік мекемелер мен мал шаруашылығы жақсы қарқында.
- Халықтың ұсынысы мен пікірі біз үшін өте маңызды. Себебі біз өңіріміздің халқына жұмыс жасау үшін осы қызметте жүрміз. Бүгін Қарақия ауданының дамуына қатысты маңызды сұрақтар қойылды деп есептеймін. Бүгінгі айтылған нәрселерді алдағы жоспарымызға енгізуіміз керек. Сіздермен бірлесе отырып жұмыс жасағанда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймыз, - деді Серікбай Трұмов.
Тұрғындар тарапынан стационарға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, ауылішілік, ауыларалық жолдарды асфальттау, кәріз жүйесін қалыпқа келтіру сияқты түскен ұсыныстарды облыс әкімі ескеріп, жобалық-сметалық құжаттарын қарайтынын айтты. Сондай-ақ, ол өңір әлеуетінің артуына бірден-бір үлес қосатын Қарақия ауданының маңызы зор екенін атап өтті.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Сәби МАЙЕМЕРОВ