Бұл туралы "Ақтауэнергосервис-2007" ЖШС хабарлады.
Ақтау қаласы бойынша, (16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35) шағын аудандарында газ тарту желісінің құрылысы бойынша жер қазу жұмыстарын «АқтауЭнергоСервис-2007» ЖШС субмердігер мекеме ретінде жүргізуде. Алайда жоба бойынша берілген дәліздер (коридор), қалада отырғызылған жасыл желектер және жаяу жүргіншілер жолына (тротуар) тап келіп тұр.
- Осыған байланысты кейбір учаскелерде газ құбырын орнату үшін 2 316 дана жасыл желектер мен жаяу жүргіншілер жолындағы (тротуар) брусчатка алынылуы тиіс, - деп түсіндірді компания басшылығы.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер мекеме тарапынан көрсетілген шағынаудандардың ішінде алынған жасыл желектерді және жүргіншілер жолын толық қалпына келтіру қарастырылған. Осыған орай келешекте аталған мәселеге (демонтаж) түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздығымыз үшін кешірім сұраймыз, делінген хабарламада.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН