Ақтауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Енді ақтаулық 20 оқушы республикалық олимпиадада бақ сынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласынан 72 оқушы білімін сарапқа салды. Олимпиада барысында оқушылар пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жасады.
Облыстық кезеңге қатысқан ақтаулық оқушылардың 9-ы – 1-орын, 11 қатысушы 2-орынды қанжығасына байланды. Ал 23 оқушы жүлделі 3-орынды иеленді.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, 1 және 2-орын алған оқушылар республикалық олимпиадаға қатысады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА