©
Жексенбі, 24 маусым күні, сағат 09.00-де Ақтауда Қазақстан Полициясы күніне орай велошеру өтеді. Велошабандоздардың жарысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылмақ.
Белсенді қатысушылар мен ең жылдам велосипедшілерге құнды сыйлықтар табысталады. Ұйымдастырушылар спорттық шараға қатысамын деуші барлық тұрғындарға тіркелу 08.00-ден 08.45-ке дейін жүретінін ескертеді.
Велошеру Ақтау қаласының «Кездесу» ЖЖМС алаңынан басталып, 15 шағынаудандағы "Грин парк" кешеніне дейін жүріп өтеді. Барлығыңызды велошеруге қатысуға шақырамыз.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Көрнекі сурет сайттың архивінен