Бүгін Маңғыстау өнер колледжінде «Бояулардағы әуен» атты «Кескіндеу» пəн бірлестігі оқытушыларының көрмесі өтті. 20-дан аса суреттер қойылған көрмеге студенттер мен оқушылар, сурет өнеріне қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты.
- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында 2 шара өткізуді қолға алдық. Оның біріншісі – колледжімізде өтіп отырған оқытушылар көрмесі, екіншісі – Елбасымыздың мақаласын осы жылғы бітіретін түлектеріміздің дипломдық жұмыстарының тақырыбына арқау етіп алу. Көрмеде Өнер колледжінде қызмет атқаратын 6 мұғалімнің шығармашылығы көрсетілді. Көрмеде қойылған суреттердің бірі – «Бақыт құсы» картинасында үлкен денелі адам темір тордағы кішкентай құсқа қарап отыр. Әр адам шын бақытын, өзінің бақыт құсын тағатсыздана күтеді. Бақыт біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Пенде өз бақытын күте білуі керек. Бұл картинаның идеясы осындай, - дейді колледж ұстазы Манап Қосан.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда 1000 адамның 155-і — зейнеткер Көрмеде суреті ілінген авторлардың бірі Бақыбаев Болат – республикаға танымал суретші. Оның туындылары алыс-жақын шетелдерде, оқу ордамызда, жекелеген коллекционерлердің қолында сақталған. Жолдасбаева Жанат – кескіндеме, композиция пәндерінің оқытушысы. Көрмеде Жанаттың реализм, авангардтық үлгідегі жұмыстары қойылған. Балтабаев Тынышбек – жас болса да танымал суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, оқытушылақтан басқа жеке шығармашылықпен айналысады. Тоқсанбаева Мираның реализмдері, акварельмен салынған натюрморттары, батик тәсілінде істелген жұмыстары ерекше көзге түсті. Мақсат Шораханов та Өнер колледжінің түлегі, оның көрмедегі "Бозжыра тауы", "Бекет ата" картиналары ерекше көзге түседі.Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52834,52833,52832,52830,52829,52835,52828,52827"]