©
"Ақтау – Қаламқас" тас жолы көк тайғақ, мұз. Қаңтардың 2-сі күні түскен жауын-шашын салдарынан көліктерге жүру қиындап тұр. Бұл туралы бізге жол көлік жүргізушілері хабарлады.
https://www.youtube.com/watch?v=OZteq6XboS0Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жол жүру қаупі салдарынан тиісті шаралар қолдануда.
- Тас жолында көліктердің уақытша жол жүруін шектеп отырмыз. Көк тайғақ жолдарға тұз бен құм төселіп жатыр, арнайы техника жұмыс жасауда. Ресми түрде трасса жабылған жоқ, - дейді баспасөз қызметі өкілі Гүлнара Ходжабекова.
https://www.youtube.com/watch?v=zPSrOBBGD-oҚаламқас аймағында вахталық жұмыста істейтін жұмысшылар Ақтауға тым кешеуілдеп келіп жатыр. «Мұндай көк тайғақта жол жүру уақыты ұзарып, ерекше жауаптылықты қажет етеді. Ал жолаушылар сабыр сақтауы тиіс», - дейді көлік жүргізушілері.
Видео оқырмандарымыздан келді.
Басты сурет видеодан қиып алынды
https://www.youtube.com/watch?v=cCrQFu4EMeE https://www.youtube.com/watch?v=j7DKOL9QjnA