32а шағын аудандағы «Самұрық Қазына» компаниясы тұрғызған арендалық тұрғын үйлердің тұрғындары Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне үндеу жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындардың сөзінше бұл үйлердің ай сайынғы төлем ақысы тым қымбат, сапасына сай келмейді. Одан бөлек құжаттарында заңсыздық көп дейді олар.
- 77 адамның банктік шоты жабылып қалды. Енді олар не ақшасын ала алмайды, не шотына ақша сала алмайды. Бұл үй арендалық, ай сайын несие сияқты біраз ақша төлейміз. Бүкіл сомасын төлесек те бұл пәтерді біздің атымызға өткізбейді екен. Сонда біз қайда, кімге төлеп жүрміз?, - дейді тұрғындар.
Үйдің сапасына шағымданған халық ай сайынға төлем ақысын 50 пайызға түсіруді, пәтерлерді тұрғындар атына заңдастыруды талап етеді.