Полиция департаменті «РусКаз» базарында болған өртке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жандос Кенжебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Өрт оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 1-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Жандос Кенжебаев.
Бұл бап 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді. Екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шектейді.
Еске салайық, «РусКаз» базардағы азық-түлік павильонындағы өрт 11 қараша күні кешке қарай болды. Екі павильон жанып кетті, біреуі бос қалған. Тағы бірнеше сауда орны бүлінген.