Бүгінгі таңда автокөлігін заңдастыруға өтініш берген Маңғыстау облысының 200-ге жуық тұрғыны әлі күнге дейін құжаттарды рәсімдеуді аяқтаған жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерген автокөлік иелерінің ресми тіркеуге бір айдан астам уақыты қалды.
- Автокөлік құралдарын тіркеу меншік иелерінің құқық белгілейтін құжаттары немесе олардың өкілдерінің нотариалды куәландырылған сенімхаты ұсынылған кезде ғана жүргізіледі. Керісінше талап ететін алаяқтарға сенбеңіз. Заңдастыру мерзімі аяқталғанға дейін автокөлік жүргізушілерін құжаттарды рәсімдеуге асығуға шақырамыз, - деп атап өтті облыс ПД әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының бастығы Ерлан Кезбаев.
Қазіргі уақытта 17 500 автокөлік тіркелген.