"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үйірінен ұша алмай, адасып қалған аққу құсына қамқорлық танытты, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Мекема мамандары Шетпе ауылының бір азаматының хабарлауы бойынша, аққуды Шетпе ауылынан 25 шақырым шалғайдағы "Иір" жеріндегі Айрақты тауының маңынан ұстап алып, мекеме ауласына жіберіп, ғылыми бөлім қызметкерлері жем, су беріп әлдендіріп алып, аудан аумағындағы, шағын көлшікке апарып жіберді.