Ақтауда самбодан Азияның ашық Кубогы аяқталды. Үш күнге созылған тартысты сынға 9 мемлекеттен екі жүзге жуық спортшылар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған турнирге самбодан Азия федерациясының президенті Аламжон Муллаев, Қазақстан самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов қатысты. Сонымен бірге Азияның ашық Кубогында Қырғыстан өкілі Александр Ларёнов бас төрешілік атқарды.
«Маңғыстау Аренада» өткен спорттық және жауынгерлік самбо күресінен ашық Азия Кубогының қорытындысы бойынша командалық есепте Қазақстан құрамасы басым айқын басымдық танытты. Нәтижесінде спортшыларымыз Азия Кубогында 26 алтын, 20 күміс, 20 қола медаль иеленді.
Командалық есеп бойынша нәтижелер:
Жауынгерлік самбо (ерлер)
Алтын - Қазақстан
Күміс - Түрікменстан
Қола - Бахрейн
Жауынгерлік самбо (әйелдер)
Алтын - Қазақстан
Күміс- Түрікменстан
Қола - Өзбекстан
Спорттық самбо (ерлер)
Алтын - Қазақстан
Күміс - Бахрейн
Қола - Түрікменстан
Спорттық самбо (әйелдер)
Алтын - Қазақстан
Күміс - Өзбекстан
Қола - Армения.
Енді отандық самбо шеберлері қараша айында Өзбекстан мемлекетінде өтетін әлемдік самбо чемпионатына қатысады.