4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бұзақылық фактісінің бейнежазбасы анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған факт ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, ұстады.
Тергеу әрекеттері барысында жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.
Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.