Мысықты жарақаттаған 35 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Еске салайық, кеше Ақтаудағы 6 шағын ауданда ер адам мысықтың үстіне секірген. Қазір жануардың жағдайы ауыр. Полицейлер оның жеке басын анықтап, ұстады. Ол бұлай жасау себебін масаң күйде болғанымен байланыстырып отыр.