Ақтауда алғаш рет ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы өтеді. Жарыс қарсаңында шет мемлекеттерден келген құрметті қонақтар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Брифинг барысында Азия кубогының эмблемасы таныстырылды. Бұл көгілдір фонда тостағанның бейнесі - төбедегі ашық аспан, Каспий теңізінің толқындары мен спорттық белдеулерді білдіреді.
Еске салайық, спорттық додаға 13 елден 200-ден астам спортшы қатысады. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Гонконг, Грузия,
Индонезия, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан,
Шри-Ланка, Қазақстан бар.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН