«Маңғыстау жастары» сайтында «Түбектегі туризм» атты жаңа айдары ашылды. Мұнда Қазақстанның географиясына енген, туристік әлеуеті бар Маңғыстаудың мәдени-тарихи жерлері көрсетіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түбектегі туризм» - «Маңғыстау жастары» сайтының YouTobe арнадағы жаңа айдары. Жоба жетекшісі Еділбек Дүйсеннің айтуынша, бұл айдар өлке тарихынан сыр шертіп, өткен күннің құпиясына терең үңіледі. Көрермендерге аймақтың рухани жерлеріне қызықты экскурсия жасауға көмектеседі. Жастар сайтының журналистері тағы да аймақтағы аңызға айналған мекендер жайлы айтуды жалғастыра бермек.
Бүгінде «Түбектегі туризм» айдарының 4 шығарылымы жарық көрді. Атап айтқанда, «Сүлеймен, Шах-Мардан немесе Шақпақ ата», Торыш тастары. «Адамзат құпиядан ғана қорқады», Гобби сопы немесе Сұлтан үпі кім болған?, Кемпіртас.
Айта кетейік, аталған сайт және Youtube арнаны Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесі іске асырып отыр.