Маңғыстауда көктемгі шақыру науқанын өткізу кезеңінде Маңғыстау облысының әскери басқармасының пункттеріне 1994 азамат шақырылған. Сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес көктемгі шақыру науқаны кезінде 192 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Нығмет Ахметұлы мәлімдеді.
Құқық бұзу фактілері бойынша жүргізілген қызметтік тергеу қорытындылары бойынша әскери командаларды жасақтау және белгіленген нарядты орындамағаны үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың және бөлімдердің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Департамент бастығының бұйрығымен Маңғыстау облысының қорғаныс істеріне 6 тәртіптік жаза қолданылды.
Азаматтарды шұғыл әскерге шақыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында көктемде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды әскери басқару құрамы ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ҰҚ, ҚР ТЖМ және ҚР МКҚ өкілдерімен бірлесіп іс-шара ұйымдастырды. Іс-шаралар осы ведомстволардың өкілдерінің басшылық құжаттары бойынша өткен.
Нәтижесінде әскерге шақырылған 478 азаматтың орналасқан жері анықталған, 253 әскерге шақырылушы іздестіріліп, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге жеткізілді, оның ішінде 88-і мерзімді әскери қызметке шақырылды. Әскерге шақырылғандарды хабарлауға және іздестіру іс-шараларына 65 қызметкер жұмылдырылған.
- Жергілікті әскери басқарма органдарында әскери есепте 29 689 адам тұр. соның 2074-і мерзімді әскери қызметке шақырылу тиіс еді. Ал Маңғыстау облысы әскерге шақырылушылар нарядын 67,7 пайызға орындады. Яғни әскери борышты өтеуге 620 адамның орнына 420 адам шақырылды, - деді Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Нығмет Ахметұлы.