Қарақия ауданының тас жолында «Лада 21214» көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында полицейлер көліктің жүк салғышынан 3 дана бекіре және басқа да балықтарды тәркіледі. Балықтың жалпы салмағы - 7 келі 400 грамм.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.