Ақтау қаласында жаңадан үш модульдік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Модульдік бекеттер халық көп шоғырланатын, мерекелік және өзге де іс-шаралар жиі өткізілетін жерлерге орналастырылды. Екі бекет теңіз жағалауында, яғни 15 шағын аудан “Амфитеатр” алаңы және 1 шағын аудандағы теңіз жағалауы маңына қойылса, енді бір бекет қала ортасындағы “Ынтымақ” алаңына қойылды.
Бұдан ертерек ашылған модульдік бекеттер полицияның ашық қызмет етуінде өз нәтижелерін көрсетіп келген. Бекеттер тұрғындардың полицияға жүгінуіне ыңғайлылық тудырып, ауысымға түскен қызметкерлерге өтініш пен арыздарға, сондай-ақ көмек көрсету үшін жылдам әрі жедел әрекет етуге арналған.
Бекеттердің техникалық жабдықталуы жоғары деңгейде.