Мүсінші Болатбек Салаевтың туындылары әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұмысын көрген желі қолданушылары оған жоғары баға беріп үлгерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Болатбек Салаевтың есімі бұдан бұрын да айтылып, туындылары әр аймаққа қойылған еді. Бірақ бұл жолы ол желі жұлдызына айналды. Тұрғындар "Болатбектің мүсіндері сөйлеп тұр. Керемет туынды" деп сүйсініп отыр.
Тіпті кейбірі мүсін жасатып үйретуге арналған оқу орнын ашып, балаларды осы өнерге баулуды ұсынып жатыр.
Айта кетейік, Болатбек Салаев
Өскемендегі «Қаратай батыр», Орал қаласының елді мекенге «Кадыр Мырза Али», Қостанай қаласына «Фемида» мүсіні, «Камшат Дөненбаева» ескерткіштерін орнатуға атсалысқан. Татарстанға «Тайқазан», Алматы облысына Өтеген батыр ескерткішін орындаған. Ақтау қаласына теңіз жағасына парктік мүсіндер топтамасын жасаған. Одан да өзге туындылары батыстың қалалары мен орталықтағы елорда төрінде тұр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА