Облыстық мәслихат сирек кездесетін дертке шалдыққан науқастарды емдеуге 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыста лейкоз, онкология, қан аурулары, муковисцидоз, мукополисахаридоз, ихтиоз сынды сирек кездесетін ауруға шалдыққан 304 бала тіркелген. Ал ауруға қарсы дәрілер өте қымбат. Сондықтан облыс әкімдігінде өткен жиында қымбат дәрілерді сатып алу мәселесі талқыланды.
"Сонымен қатар эпилепсияның сирек түрімен ауыратын 14 баланы «Қазақстан халқына» қорынан тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тізімге енгізу туралы шешім қабылданды», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары, сирек кездесетін балалар аурулары жөніндегі үйлестіруші Әлия Ешімова.