Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала жүргізілген зерттеу 1986 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан спорт кешені бүгінде пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осыған байланысты прокуратура барлық жоспарланған іс-шараның заңдылығын зерделеуде. Соңғы құқықтық баға берілгенге дейін процесті тоқтату шаралары қабылданды. Нәтижелер мен атқарылған іс-шаралар көпшілікке жарияланады.