«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылау мақсатында партиялық актив отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев төрағалық еткен актив отырысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Орынбасаров, мәслихат хатшылары, ардагерлер кеңесі, аумақтық филиалдардың өкілдері, депутаттық фракциялардың, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия белсенділері қатысты.
Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев, жолдаудың әр бөлігі халық үшін маңыздылығы туралы баяндама жасады. Оның ішінде партия тарапынан жасалып жатқан «Жер аманаты» мен «Ауыл аманаты» жобалары жолдауда көрініс алғаны атап өтті. Және Президент жолдауындағы «Көптеген жобалар кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім шарттарды ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдану қажет» деген сөздеріне аса мән беріп мемлекеттік қызметте жүрген партияластарды адалдық жолымен қоғамға қызмет етуге шақырды.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Орынбасаров өз сөзінде мемлекеттік органдарға, бюджетке қатысты мәселелерді қозғап сәйкес жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы және жергілікті билік тарапынан жасалатын жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу барысында облыстық мәслихат хатшысы Нури Тумышев, Маңғыстау ауданының 75 жастағы ардагер Қуантқан Исаев және «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиал төрағасы Абзал Марат өз пікірлерін білдіріп жолдаудың негізі қоғамда тұрғындармен көтеріліп жүрген мәселелер айтылғанын атап өтті.
Кездесу соңы қатысушылардың еркін пікірталасына айналып Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбаев партияның облыстық филиалы өңірдің ерекшелігіне сәйкес нақты партияның өңірлік бағдарлама жасақтауды ұсынды. Сондай-ақ жиынға қатысқан партия ардагерлері қоғамның тұраұтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті өндірісті дамыту керектігін, аманаттықтар тың бастамалар бастау керек деген ойларын ортаға салды.
«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев жиын соңында осы ой пікірді жүзеге асыру үшін ауызбіршіліктің маңыздылығын айтып, қоғам үшін бағытталған жолдауды жүзеге асыру жолында бірлесе жұмыстануға шақырды.