Қыркүйектің 6-сы күні сағат 03:20 шамасында Мұнайлы аудандық Патрульдік полиция ротасының қызметкерімен “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Nissan Primera» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жүргізуші бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұнайлы аудандық сотының қаулысы бойынша жүргізушінің ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, жүргізуші азамат автокөлік құралын ішкілікті күйде басқарған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі негізінде жария етілмейді.