Жаңаөзен қаласы Мерей ықшамауданында өткен «Дәрмек-3» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен марихуанаға ұқсас 16 дана есірткілік өсімдік тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәркіленген өсімдіктің жалпы салмағы 850 грамм болған. Аталған факті бойынша 53 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.