Ақтау қаласының тұрғыны 16 шағынаудандағы жолды жөндеу мәселесін көтеріп, облыс әкімінің телеграмм чатына шағым түсірген. Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, тозығы жеткен жолдарда жүру мүмкін емес. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Тұрғынның айтуынша, ойық-шұқырға толы жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Әсіресе, «Каспий» тұрғын үй кешенінің маңындағы жолдардың жағдайы тым нашар екен. Желі қолданушысының шағымына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Асхат Нұрмұхан жауап берді. Оның айтуынша, аталған шағынаудандағы жолға қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарына жоба жасауға тапсырыс берілген.