Жаңаөзендік спортшы Дінасыл Раджан елордада өткен халықаралық жарыстан жүлделі оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1-5 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «NUR-SULTAN CUP» II халықаралық турнирі өтті. Жарысқа жаңаөзендік 7 спортшы қатысты. Олардың қатарында «Жақсы» спорт кешені каратэ до секциясының спортшысы Дінасыл Раджанда бар.
35 келі салмақта бағын сынаған Дінасыл Раджан күміс жүлде иеленді. Спортшыны жарысқа жаттықтырушысы Ғалымжан Алибаев дайындаған.