1 қыркүйек - Білім күні маңғыстаулық полицейлер салтанатты жиындарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға жұмылдырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін 100-ден аса жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында оқу жылының басталуына арналған "Алғашқы қоңырау"салтанатты іс – шаралар өткізілді. Бұл күнде 500-ге жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектептерге жақын орналасқан 79 автопатруль жол полициясы нарядтарының бағыттары жолдағы жағдайды бақылауда ұстады. Дәстүрлі түрде балалардың жүріс бөлігінде қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша іс-шаралар өткізілді. Білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлері тұрғызылды.
Облыс бойынша іс-шара ешқандай оқыс оқиғасыз, бірқалыпты жағдайда өткізілді. Мектеп оқушыларының қатысуымен жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.