Биылғы жылы 35000 әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға 40 000 теңгеден көмек көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда атаулы мақсатта мәртебесін анықтаған 20 мыңнан астам балаларға қаржы аударылған.
"Сонымен қатар, тамыз айына дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталды. Акция аясында «Самұрық-Қазына» компаниясы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1 сыныптың 2702 баласын оқу құралдарымен қамтамасыз ететін болды"-деп атап өтті облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.
Сондай-ақ "Білім күніне" орай барлық мектептерде мерекелік іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізілмек.