Аудан орталығынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан елді-мекенде Бокс және фитнес кешенінің құрылысы жүріп жатыр,деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараевтың айтуынша, елді-мекеннің жастары үшін өзекті болып келген мәселе шешімін тауып, жеке кәсіпкер Амангелді Көлбаевтың демеушілігімен жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда ауылдың жастары мектептің ғимаратындағы спорт залды осы мақсатта пайдаланып келеді.
- Бұған дейін аудан әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде ауылдың азаматтары осы мәселені көтеріп келген болатын. Бүгінгі таңда спорт залының қабырғасы құрылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аталған спорт нысанының құрылысы қазан айының соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз, -деді Дүйсенбай Атағараев.