Оқиға 20 тамыз күні сағат 12:10-да 7 шағынаудан 24-үйге қарама-қарсы жерде болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Lexus RX 350 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында 48 жастағы әйелді қағып кетті.
- Науқастың жағдайы тұрақты, нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы диагнозы қойылған, – деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.