Аймақта жатақханаларға қоғамдық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде барлық жатақхана студенттерді жаңа оқу жылында қабылдауға дайын, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мониторинг жұмыстарын «Жастар Рухы» ЖҚ жүргізіп жатыр.
"Қазір Ақтау қаласында 6 жатақхана бар. Оның үшеуі - ЖОО-на, ал үшеуі кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдарға тиесілі. Барлық жатақхана талапқа сай, өз деңгейінде жасақталған", - дейді «Жастар Рухы» ЖҚ консультанты Гауһар Сәрсенқызы.
Айта кетейік, акцияның мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледж жатақханалары жағдайының сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау.
Қазіргі таңда мұндай тексеріс Ақтөбе, БҚО, және Алматы қаласында жүргізіліп жатыр.