Маңғыстаулық спортшылар мереке қарсаңында облыс әкімі мен облыс әкімінің бірінші орынбасарының алғыс хатымен құттықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік шара барысында 3 спорт саласының қызметкері ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталады. 75 спортшы Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатын алды. 25 спортшыға ҚР спорт шебері атағы берілді. 2 спортшыға ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы, 1 спортшыға ҚР ұлттық спорт төрешісі атағы табысталады.
Марапаттарды Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы және АМАNАТ партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев табыстады.