Қаланың төменгі шағынаудандарының көгалын суару үшін бұлақ суы пайдаланылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланың төменгі шағынауданының периметрі бойынша (1, 3, 3А және 3Б) суару жүйесі іске қосылды. 1 шағынауданда орналасқан бұлақтан шығатын құбырдың периметрі 6 шақырымды құрайды.
- Бұл ауыз су құбырынан суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Енді орталықтандырылған құбырға қосылудың қажеті жоқ. Айта кету керек, бұлақ суының құрамында еріген тұздар жоқ, бұл іс жүзінде тазартылған су. Ол таза әрі жанды, - деді «Green city Aktau» компаниясының директоры Айбек Ерболеков.