Бұл «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандарының мәселесін шешу үшін жасалады. Тұрғындар шағымын облыс әкімінің телеграм каналында жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Желі қолданушысы «Шығыс-2» шағынауданына қоғамдық көлік жүрмейтініне шағымданды.
- Бұрын № 107 автобустың қатынайтын, енді оның да бағыты өзгеріп, шағынаудан ішінде жүрмейді. Ал, таксилер қала ортасына баруға 700 теңге сұрайды, - дейді тұрғын.
Тұрғынның сауалына “Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ-і мамандары шұғыл жауап беріп, мән-жайды түсіндірді.
- №107 маршрутының жүру схемасы 2022 жылдың 8 тамызынан бастап Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі тұрғындарының өтінішіне сәйкес өзгертілді және құзырлы мекемелермен келісілді. Қазір Шығыс-3 пен 31Б шағынаудандары арасындағы жолмен жүріп бастады.
Ал, Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын аудандары арасындағы жолмен №106 “Ақтау-Баянды-Ақтау” маршруты жүреді, - дейді “Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ-і мамандары.