Мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қала аумағында, әсіресе, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындар мен саябақтарда "SOS" дабыл түймелері орнатылды.
Бұл құрылғы полициямен тез байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы қызмет көрсету жүйесі. Маңғыстау тұрғындары тек бір батырманы басу арқылы құқық қорғау органдарынан көмек сұрай алады. Жедел басқару орталығының операторы көмекке мұқтаж адамды көріп, оның орналасқан жерін анықтайды, шұғыл ден қою және тиісті көмек көрсету шараларын қабылдайды.
Халыққа сапалы қызмет көрсетудің тиімді құралы – "SOS" батырмалары Ақтау қаласының аумағында бес мекенжай бойынша орналасқан. Бұл "Амфитеатр" жағалауы, "Ақбота" паркі, "Мәңгілік алау" алаңы, "Ынтымақ" және “Приморский” жағажайы.
Сонымен қатар, "SOS" дабыл түймесін қаланы жақсы білмейтін туристер де қолдана алады. Адасқандар да осы түймені басып құзырлы орган көмегіне жүгінеді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қажет болған жағдайда ғана дәлелді себептерсіз батырманы пайдаланбауға шақырады. Жедел басқару орталығының операторлары қоңырауға жұмсалған уақыттың орнына шынымен көмекке мұқтаж азаматтардың хабарламаларын қабылдай алатынын есте ұстаған жөн. Өздеріңіздің және өзгенің уақытын алмауларыңыз сұралады.